«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 116 бұйрығы

 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 116 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:

110-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдары, интернаттық ұйымдар, стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар, бір пәтерлі тұрғын ғимарат жер учаскесінің шекарасына;»;

114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«114. Көлік құралдарын сақтау және қызмет көрсету орындарынан (жер үсті және жер үсті-жер асты гараждар, жеңіл автомобильді тұрақты және уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтар және техникалық қызмет көрсету станциясынан) бастап тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар, сондай-ақ елді мекендердің тұрғын, қоғамдық-іскерлік және рекреациялық мақсаттағы аймақтарда орналасқан мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдары, интернаттық ұйымдар, стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға дейін өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның кестесінде келтірілгеннен кем қабылданбауы керек.»;

115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.